Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға сыйақы қарастырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 3 адам 670 мың теңгеден астам сыйақы алды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір жолы – қылмыс фактісі туралы хабарлағандарды көтермелеу. Бұл өз нәтижесін беріп жатыр. Мәселен биылғы алты айда 3 адам жемқорлық дерегі туралы хабарлап, сол үшін сыйақы алған.

— Азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға пара немесе келтірілген залалға қарай айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10% беріледі. Алайда ең жоғары сыйақы 4 мың АЕК, яғни 13,8 млн теңгеден аспауы керек.

Қылмыс фактісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығының 1424 нөміріне хабарлап айтуға болады. Қоңырау шалу тегін, — дейді Сергей Перов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz