Полицейлермен 500 литр заңсыз алкогольдік өнім тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

CҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы Жас өркен шағынауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыстың 19 жастағы тұрғыны анықталды. Оның көлікжайынан көлемі 0,5 литрден болатын акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркіленіп алынды. Жалпы оның көлемі 500 литрді құрады. Аталған дерек Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналды. Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді. Көлікжай иесінің айтуынша, алкогольді сату үшін сақтаған.

– Жыл басынан бөлініс қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz