Ленинское ауылында бруцеллездің анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыста бруцеллез 722 ірі қарада анықталса, биыл 170-інде тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.   

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірде бруцеллезге шалдыққан малдың дені Аққайың ауданында анықталды. Мәселен бұл ауданға қарасты Ленинское ауылында қауіпті ауруға 63 ірі шалдықты.

— Мамырдың 5-сі мен тамыздың 7-сі күндері аралығында бруцеллез 63 ірі қарада анықталса, оның 54-і жоспарлы тексеріс кезінде белгілі болды. Ал қалған 9-ы сауықтыру шараларын жүргізу кезінде тіркелді. Қауіпті ауру анықталған мал сойылды. Қазіргі уақытта 41 малдың иелеріне облыс бюджетінен өтемақы берілді. Оның жалпы сомасы 5,3 млн. теңгені құрады. Қалғандарына тиісті қаражат қажетті құжаттар тапсырылған соң беріледі, — дейді ветеринария басқармасының мамандары.  

Бүгінгі таңда бруцеллез анықталған үш елді мекенде шектеу шаралары енгізілді.  Оның негізінде тұрғындардың ірі қара малды сыртқа шығаруға, еті мен сүтін саудалауға тыйым салынды.

Биыл облыс бойынша бруцеллезге қарсы екпе 6 мыңға жуық малға қойылды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz