Қызылжар ауданының білім бөлімі мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдерінде бірқатар бұзушылықтарға жол берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, 2023 жылғы шілдеде Қызылжар аудандық білім бөлімі Соколовка орта мектебінің шатырын жөндеуге мемлекеттік сатып алу жариялап, бұл жұмыстардың сомасын 17,5 млн. теңге деп бекітті. Сонымен қатар, 1.4 млн. теңгеге балаларға арналған ойын алаңына тапсырыс қалыдырды. Сатып алуларда техникалық сипаттамалары мен қауіпсіздік сертификаттары болу қажеттігі көрсетілмеді. Бұл заң бұзушылықтар уақытылы анықталып, аудандық білім бөлімінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қайтадан сатып алулар жарияланды.