Назарбаев зияткерлік мектебі түлектерінің 95 пайызы грант иегері атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 59 түлегі грант иегері атанды. Олар алдағы уақытта  отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында  білімдерін шыңдамақ. Оның ішінде 12 түлек Жапония, Гонконг, Италия, Малайзия, Венгрия және Чехияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Камила Бекқожина мектеп тарихында алғаш рет Токио халықаралық университетінің (TIU) грантын иеленді. Олжас Құсайын Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі — Гонконгтағы қалалық университеттің  шәкіртақысын жеңіп алды.

 — 16 түлегіміз Назарбаев университетінің гранттарын еншіледі. 31 оқушымыз (52%) басқа отандық ЖОО-да  оқуын жалғастырады. Оның ішінде 30 бала мемлекеттік грант ұтып алды. Оқушыларымыз Сүлейман Демирель, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң,  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина, Астана IT- университеттерінде оқуға ниетті, — дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев.

Түлектердің басым бөлігі (37,2%) инженерлік-техникалық, 15 пайызы медицина, 14 пайызы  ғылым саласына қызығушылық танытқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz