Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты қаржылай көмек көрсетіле ме

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
17 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне байланысты зейнеткерлерге материалдық көмек көрсету туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Түсініктеме департаменттің Telegram-каналында жарияланды:

— Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде тараған ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Субсидияланған қаржылай көмек туралы қаулыны ҚР үкіметі қабылдаған жоқ, бұл ақпарат жалған, — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері.

Сонымен бірге «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үй көмегін, бір тұрғын үйді ұстау құны және шығыстың рұқсат етілген шекті деңгейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлейтінін хабарлаймыз.

Тұрғын үй көмегін алу үшін egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңізге болады.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді. 13 шілдеде ел үкіметі мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету кезінде қарастырылған коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеуге кім сене алатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz