Петропавлда «Қауіпсіз қала» акциясы өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері  «Қауіпсіз қала» акциясы аясында кәріз құдықтарының ашық қалу фактілеріне қатысты мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала көшелерінен  ашық қалған құдықтар мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан канализациялық люктерді жиі кездестіреміз. Олардың адам өміріне  қаншалықты қауіпті екеніне мән бере бермейміз.  Елімізде ашық қалған құдықтарға түсіп кетіп, зардап шеккендер саны көбеюде. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ұйымдастырылған акцияға қала әкімдігінің,  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, полиция басқармасының  мамандары жұмылдырылды. Олар қаламыздағы ашық жатқан  кәріз құдықтарын анықтап, көпқабатты  тұрғын үйлердің шатырларын және балалардың ойын алаңдарын тексерді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz