Қыркүйекте аялдамаларда электронды таблолар іске қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қыркүйек айында автобус бағыттары жайында ақпарат беретін электронды таблолар іске қосылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы электронды таблолар осыдан бес жыл бұрын сатып алынған болатын. Өкінішке қарай, істен шыққан құрылғылар осы күнге дейін жөнделмеген. Биыл орайы түсіп, қалалық әкімдіктің мамандары оларды іске қосуды жөн көрді.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровтың айтуынша, облыс орталығында жазда «Infobus» жүйесі  қайта енгізілді. Бұған қоса 31 электронды табло жөнделді.

— Жоспарда жолаушылар ағынын анықтау үшін арнайы датчиктерді орнату бар. Оның көмегімен жолаушы тасымалдаушылар қаншалықты ашық жұмыс істеп жатқанын көре аламыз.  Бұған қалалық бюджеттен қаражат бөлінді, құрылғыларды жаңа автобустарға орнатамыз, — деді Әділбек Әубәкіров.

Өткен жылы жолаушы тасымалына қала бюджетінен 2 млрд. теңгеден астам субсидия бөлінді. Биыл оның көлемі 3 млрд. теңгеге жетті.

Биыл Петропавлға жаңа 11 автобус алынды. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің 58% — жаңа.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz