Петропавлдықтар қоғамдық көліктің жұмысына наразы

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласы әкімдігінің ахуалдық орталығына бір апта ішінде 677 өтініш келіп түсті. Қалалықтар кейбір мәселелер бойынша осыған дейін де жүгінген екен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ikomek-109 ахуалдық орталығының басшысы Ернар Байсейітовтің айтуынша, күн сайын тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктің жұмысына байланысты шағым түседі. Петропавлдықтар автобустардың әрдайым лық толы екеніне наразы, оның үстіне маршрутты ұзақ күту керек. Ал Әуезов көшесіндегі жол жөндеуді талап етеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде Петропавлдың осы бөлігіндегі асфальттың жағдайы мәз еместігін көрсетті.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары 5-ші Сенная, 18а мекенжайы бойынша орналасқан үй маңында кәріз құдығының зақымданғанын айтып, бірнеше мәрте шағымданған.

Әуезов — Брусиловский көшелерінің қиылысындағы кәріз құдығының жағдайы тұрғындардың уайымына айналған. Уәлиханов 21 арқылы өтетін жолда асфальт мүлдем құлап кетуі мүмкін, өйткені екі жыл бойы мұнда кәріз құдығынан су сорылып келеді.

Ендігі кезекте бұл мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапының әрекетін күту қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz