«Астана — Петропавл» тас жолында жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тамыздың 17-сі күні сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы «Астана — Петропавл» тас ажолының 431 шақырымында «Toyota Hiace» теміртұлпары «MAN» маркілі жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан Астана қаласының тұрғындары «Toyota» автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Ал 43 жастағы «Man» көлігін тізгіндеген азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
СҚо полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.