Есепте тұрған сотталғандар ұлттық спорт түрлері бойынша жарыста жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
“Қызылжар – 2023” ұлттық спорт түрлері бойынша фестивальға есепте тұрған бірнеше сотталған азамат жүлделі орындарға ие болды. Жекпе-жек ұлттық ойынына қатысқан сотталған Т. 55 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды қанжығаға байлады.
– Мен біраздан жылдан бері жекпе-жек жарыстарына қатысамын. Биыл екінші орынға ие болдым, барлық қатысушылар жекпе-жек тәсілдерін қолдану бойынша шеберліктерін көрсетті. Спорт – өмірімнің ажырамас бөлігі, 2010 жылдан бастап футболмен айналысамын. 2012 жылы көпсайыспен айналыстым. Ал жекпе-жекпен 2017 жылы айналыса бастадым, – дейді сотталған Т.