Полицейлердің заңды талаптарына қарсылық көрсеткен мас қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 19-ы күні облыс орталығындағы Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан стационарлық полиция бекеті жанында мас күйде болған 35 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Азамат тәртіп сақшылармен дөрекі сөйлеп, жанжал шығаруға тырысты. Кейін қызметкердің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, өзін агрессивті ұстады. Салдарынан полицейлер арнайы құралдарды қолдануға мәжбүр болды.
35 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша хаттама толтырылып, ол процестік шешім қабылдау үшін сот органдарының қарауына жіберілді.