СҚО-да 170 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде алимент төлемей жүргендер саны 170-ке жетті. Олардың өз балаларына қарызы 166,3 млн. теңгені құрап отыр. Бұл ақпарат облыстық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Бүгіндері облыста алимент алушылар қатарында 7 933 бала мен 7 қарт ата-ана бар.  Статистикалық мәліметтерге сәйкес, оларға борышкерлер 166,3 млн. теңге қарыз екен. Мұны прокуратура қызметкерлері жекелеген сот орындаушылардың өз жұмыстарына немқұрайлы қарауы себеп болып отырғанын алға тартады.  Осы ретте прокурорлар функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 71 сот орындаушысын әртүрлі тәртіптік жазаға тартты.

Кеңесте белгілі болғандай, қасақана  алимент төлеуден жалтарғандар да қатаң жаза қарастырылды. осылайша 8 борышкер қылмыстық, 98 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 69-ы жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылды. Сондай-ақ 14 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

СҚО прокуратурасының хабарлауынша,  қазіргі күні алименттен жалтарып жүрген 95 тұрғынға іздеу жарияланып, 42-нің орналасқан жері анықталды, 53-нің әлі күнге дейін тұрғылықты мекен жайы белгісіз болып отыр.

Сот орындаушылардың өндірісінде 28 853 құжат бар болса, оның мемлекет меншігіне қайтаруға тиісті қаражат көлемі 103 млрд. теңгені құрап отыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz