Кемелер әлемі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық  бейнелеу өнері музейінде  Юрий Романовтың «Бегущий по волнам» кеме модельдерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көрмеде ұсынылған 18 модельді кемелердің авторы – Юрий Владимирович  мектеп жасынан бастап жас техниктер станциясында оқыған. Сол кезде кемелерді модельдеуге қызығушылығын арттырған  мұғалімі Юрий Пашковты құрметпен  еске алады. Бір кездегі балалық қызығушылығы  бүгін сүйікті ісіне айналған.

–Кеме модельдерін жасау – өте ежелгі өнер. Ғылымның соңғы мәліметтері бойынша кемелер тоғыз мың жыл бойы теңіздер мен мұхиттарда жүзіп келеді. Мыңдаған  жылдар бойы теңіз флоты жетілдіріліп, жаңа үлгілерді жасауға шабыттандырады, – дейді Юрий Романов.

whatsapp image 2023 05 31 at 14.16.49whatsapp image 2023 05 31 at 14.16.47 1

Автор жасаған кемелердің бір  ерекшелігі – олар жұмыс істеп тұр және радиобасқарылады. Сондықтан  жарыстарға қатыса алады. 2010 жылы  Юрий Романов Өскемендегі кеме жасаушылар көрмесіне, кейін Астана қаласында  өткен осындай шараға қатысқан.  Кеме моделизмі кәсіби спорт түрі ретінде дамыған және өте танымал.  Балаларды қорғау күніне орай ашылған көрме  бір ай бойы жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz