Кадрларды даярлауға 68 грант бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін  беріледі. Биыл  жаңа  оқу жылына жергілікті бюджеттен қосымша  68 грант бөлінді. Мамандар еңбек нарығының сұранысын ескере отырып даярланады, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға 50 грант берілсе, тағы 18 грант педагогика, өнер және қызмет көрсету салаларына үлестіріледі.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстық  білім басқармасына экономикаға қажетті мамандықтарға сұранысты сараптап, алдағы оқу жылына грант бөлу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz