Тамыздың 30-ы Конституция күні ел көлемінде халыққа қызмет қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады, — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.