172 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz