Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Президенттің тиісті Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
Еңбек жолы:
08.1984 — 10.1984 — совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы.
09.1992 — 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.
10.1995 — 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.
09.2003 — 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.
02.2005 — 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.
03.2006 — 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы.
03.2006 — 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
11.2006 — 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
03.2008 — 04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.
04.2010 — 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
09.2011 — 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
03.2019 — 11.2022 — Бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.