2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін, – делінген құжатта.

Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz