Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты орақ науқаны баяу қарқынмен жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні өңірде 891,7 мың га дәнді және бұршақты дақылдылар бастырылды.
— Тамыз айында жауын-шашын мөлшері 51,9 мм құрады. Жаңбыр Тимирязев ауданында – нормадан 58% — ғаартық жауды. Ғ.Мүсірепов – 29%, Тайынша – 15%, Жамбыл – 13%. Барлық аудандарда егістіктерде жоғары ылғалдылық бар, бұл астық сапасы мен өнімділігіне теріс әсер тигізуі мүмкін. 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында облыс бойынша орақ науқаны уақытша тоқтатылды, — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.