Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Еңбек жолы:
·- Ұйғыр орман шаруашылығының шебері (1983-1984);
— Ұйғыр аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушы (1984-1989);
— Ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Алматы облыстық комсомол комитеті Ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісінің орынбасары (1989-1991);
— «КРАМДС-Агро» ғылыми-өндірістік фирмасының бас маманы (1991-1992);
— «Ақжол-ИМПЭКС» фирмасының сыртқы сауда жөніндегі директоры (1992-1994);
— «Нысана» шаруа қожалығының төрағасы (1994-1996);
— «Ауыл шаруашылығы Энерго» РПО бастығы (1996-2000);
— Атырау облысы әкімі аппаратының «Хозу» КМҚК әкімшілік-шаруашылық қызмет департаментінің бастығы (2000-2002);
— «Лейер» ЖШС директоры (2002-2003);
— «Alem MOTORS «Автоорталығы» ЖШС директоры (2003-2004);
— «Зеленстрой» РМК директорының бірінші орынбасары (2004-2005);
— «Зеленстрой» МКК директоры (2005-2006);
— «АстанаЗеленстрой» АҚ Бас директоры (2006-2009);
— Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Тұзды ауылдық округінің әкімі (07.2009-08.2009);
— Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы (08.2009-01.2013);
— Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Вице-министрі (02.2013-08.2014);
— Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің орынбасары (13.08.2014-07.2019);
— Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі (07.2019-05.2021);
— Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары (05.2021-03.2023);
— Астана қаласы әкімінің кеңесшісі (03.2023 бастап)