Облыстың үш тұрғыны жеңгетайлықпен айналысқаны үшін ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жедел уәкілдер жеңгетайлық жасады деген күдікпен жалға алушы мен сауналардың екі әкімшісін ұстады,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының бірден үш тұрғыны жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінді. Олардың барлығының облыс орталығындағы сауналармен байланысты бизнеске қатысы бар. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне 38 жастағы әйелдің жеңгейталықпен айналысуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұған дейін бұл азаматша осындай заң бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жалға алушы мен сауналардың әкімшілеріне қатысты жүргізілген тергеу әрекеттері шеңберінде ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық әрекеттерді нақты болғанын анықтады. Әсіресе, Универсальная көшесіндегі сауналардың бірінде жасалған жеңгетайлық фактісі тіркелді. Әкімші мекеме клиенттеріне интимдік қызмет көрсетуге ақшалай сыйақы үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған. Дәл осындай факті Труд көшесіндегі саунада да анықталып, әкімшісі ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі бойынша жалға алушы мен сауналардың екі әкімшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚК-нің 309-бабының санкциясына сәйкес, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жыл басынан СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жеңгейталықтың 4 фактісін анықтады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz