СҚО-ның теміржол тұйықтарында 31,7 мың тонна көмір бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірде көмір отыны 32 пунктте сатылады.
Көмірдің құны тоннасына 12,5-тен 20 мың теңгеге дейін бағаланып отыр. Екібастұздық қатты қара отынның бағасы 12,5 — тен 14 мың теңгеге дейін, Шұбаркөл — 16,6 — дан 19 мың теңгеге дейін, Қаражыра-15,5-тен 20 мың теңгеге дейін, Майкөбе-тоннасына 15-тен 18 мың теңгеге дейін бағаланып отыр.
— Бағаның көтерілуі анықталған жағдайда облыс әкімдігі бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі уәкілетті органның атына қатты отынды өткізу құнының өсуінің заңдылығы туралы сұрау салуды жібереді. Көмір жеткізу кестесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында «Жүк тасымалы» АҚ-мен бірлесіп күнделікті негізде вагондардың жөнелту көлемін, жөнелту уақытын және құрамның келуін нақтылай отырып, қимадан өткізу пунктіне дейінгі жүру маршрутына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Операторлар жүк көлігі үшін жабдықталған кіреберістері мен тұрақтары бар көмірді бөлшек саудада өткізу орындарына кірме жолдарға жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аккредиттелген кәсіпорындар салмақтыларды тексерді, — деді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукин.
Желтоқсан айына дейін өңірге 228 мың тонна көмір жеткізіледі деп күтілуде.