Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қайсысы арзандады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросы қыркүйек айының басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% төмендеген. Дегенмен жылдық көрсеткіште әлі де өсім (6,5%) байқалады.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тізімдегі кейбір өнімдердің бағасы айтарлықтай арзандаған. Атап айтқанда, пияз (-4,7%) бен картоп (-2,7%) арзандады. Қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн, қант та арзандаған.

Күріш қыркүйек айының басында айтарлықтай қымбаттады (+1,1%). Сонымен қатар Қазақстанда сары май, жұмыртқа, сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық етінің бағасы көтерілді. Нан мен сүттің құны өзгерген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz