Петропавлда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектеп салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт  жаңа мектеп бой көтереді. Олар:  «Копай» шағынауданындағы 1200, «Жас өркен» шағынауданыныдағы 900,  «Орман» және «Береке» шағынаудандарындағы әрқайсысы 600 орындық білім ордалары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында екі конкурс аяқталып, олардың  жеңімпаздары анықталды. «Орман» шағындауданында бой көтеретін 600 оқушыға арналған білім ордасының құрылысын Астана қаласында орналасқан  «ASTI» ЖШС-ы жүргізбек, оған 3,8 млрд. теңге бөлінген. Дәл осындай 3,8 млрд. теңге қаржыға жергілікті құрылыс компаниясы – «Единство» ЖШС-ы  «Береке»  шағынауданында 600 орындық мектепті салатын болады. Қалған екі мектеп бойынша конкурстар әлі өткізілген жоқ.

«Жайлы мектеп»  ұлттық жобасының отандық экономикаға тигізер әсері де айтарлықтай жоғары болмақ. Өйткені мектепке қа­жетті жиһаздардың 95 пайызын отан­дық өндірушілер дайындайды. Құрал-жаб­дық­тардың 60 пайызы өзіміздің ішкі нарықтан алынады. Сондай-ақ құрылыс материал­дарының 65 пайызы отан­дық өнімнен тұрады. Демек елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұлттық жобаның алар орны айрықша болмақ.

— «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әр облыста жиһаз өнімдерін, құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарды  өндіретін тауар жеткізушілердің ұсынылатын тізілімін қалыптастырды. «Жайлы мектеп» жобасына  жергілікті жерлердегі отандық тауар өндірушілер барынша тартылатын болады,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Марат Ысқақаов.

Марат Жақсылықұлының айтуынша, облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында 2023 жылдың наурыз, сәуір айларында  жиһаз, құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарды өндірушілер, құрылыс компанииялары, жобалау ұйымдары, авторлық және техникалық қадағалау орындары өкілдерінің  «Самрұқ  Қазына Констракшн» акционерлік қоғамының қызметкерелерімен кездесулері ұйымдастырылған. Бұл кездесулер барысында «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасының мән-мағынасы мен шарттары  талқыланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz