Қыркүйектің 15-нен емханаларға тіркелу науқаны басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қыркүйектің 15-інде елімізде емханаға тіркеу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-інде аяқталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Талғатбек Тілеубердиннің  айтуынша, тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі қазақстандықтар үшін консультациялық-диагностикалық қызметтерге, ауруханаға жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық жолдамаларды қоса алғанда денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді. егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған болса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады. МСАК ұйымына үш тәсіл, атап айтқанда, тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы тіркелуге болады.

Спикер биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгергенін жеткізді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ерікті медициналық сақтандырумен, сондай-ақ жүктелген медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер  үстіміздегі жылдың 14 тамызында күшіне енді.

— Еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген  түзетулерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар,  елімізде  уақытша тұратын шетелдіктерге – еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне (балалары мен жұбайларына) қатысты, — деді ол.

Емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі  тапсырылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz