Облыста үздік жедел уәкіл анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде өткен “Үздік жедел уәкіл” атты байқаудың қорытындысы шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқауға солтүстікқазақстандық 20 полиция офицері қатысты. Әр қызметтен үздік деген қызметкерлер іріктеліп алынды.

Кәсіби байқауда қызметкерлер заңнама мен ведомстволық бұйрықтарды білу жағынан тестілеуден өтті, атыс және дене шынықтыру дайындығынан сынақтар тапсырды. Сондай-ақ офицерлер жауынгерлік күрес тәсілдерін қаншалықты меңгергенін көрсетті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, 35 жастағы Қуандық Қапаров үздік шықты.

Офицердің екі жоғары білімі бар. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында мерзімді әскери борышын өтеген. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қалалық және облыстық криминалдық полиция бөліністерінде мол тәжірибесі бар жедел уәкіл туған өлкесі Тимирязев ауданының полиция бөліміндегі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы болған. 2023 жылдан бастап есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі лауазымында. Әріптестері мен оның басшылығы полицей жайлы оң пікірде. Бос уақытында пайдалы әдебиетті оқып, білімін арттырып отырады, спортпен айналысады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz