«Amanat» партиясының бақылау комитеті өткізген жиында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы талқыланды. Шараға онлайн режімде өңірлік филиалдың атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов пен партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Рүстем Әлібеков қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жиында белгілі болғандай, өңірде «Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 17 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның төртеуі Петропавлда орналасқан. Өткен жылы ХҚКО-мен облыс тұрғындарына 430 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, биыл небәрі 7 айдың ішінде оның саны 283 966 жеткен.
– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша КЕАҚ филиалында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері фактілері анықталған жоқ. 2022 жылы өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша өңірлер рейтингінде Солтүстік Қазақстан облысы 4,49 орташа ұпаймен және 62,7% қанағаттану деңгейімен екінші орында тұр, — деді Жеңіс Асанов.