«Amanat» партиясының облыстық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтар қоғамдық қабылдауға келіп, өз бұйымтайларын жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құқықтық көмекке келгендердің арасында 2016 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған Кристина Эрейзер де болды. Ол Петропавлдағы жоғары оқу орнына грантқа түскен. Бірақ белгісіз себептермен ол ауылдық квота бойынша қабылданды. Ол аталмыш оқу орнын тамамдаған соң мемлекеттік қаражатты өтеу үшін ауылда біраз уақыт жұмыс істеуге міндеттелген.
– Біраз уақыттан кейін жалақының аздығынан және еңбек жағдайларының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты мен Петропавлдың коммуналдық кәсіпорындарының біріне жұмысқа бардым. Кейінірек, ол жерге жұмысқа орналасуға менің құқығым жоқ екені белгілі болды. Мен келісімге сәйкес ауылда жұмыс істеуім керек еді. Алайда, біздің шартта мұндай пункт жазылмаған. Соған қарамастан сот мені барлық оқу шығындарын өтеуге міндеттеді, — дейді Кристина Эрейзер.
Бүгінгі таңда Кристина оқу орнына берешек болған қаражаттың 1 млн. теңгесін төледі. Осыған қарамастан, ол сот шешімімен келіспей отыр. Қабылдауды өткізген «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ өкілі Алтын би Бесембаева, облыстық мәслихат депутаты Юлия Пронина және заңгер Наталья Гакельберг жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты істі қайта бастау туралы прокуратураға өтініш жасауға көмектесті.