325
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Ризабек Айтмұхан сенсация жасап, қазақ спортының тарихына өз есімін алтын әріппен жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған жетістік тіркелді. 92 келі салмақта еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды. Балуандарымыз бұл белесті бұрын бағындырмаған еді.
Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді.
Шешуші айқаста Айтмұхан әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алды.