Президенттің құттықтауы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.
— Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұханның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді президент.