Облыста 3,2 млн. га алқапқа егілген дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытқа дейін 1,8 миллион гектар жерге себілген дәнді және бұршақ дақылдар орылды, ол шамамен себілген аумақтың 53 пайызын құрап отыр. Нәтижесінде қамбаға 1,9 миллион тоннасы түсті.
Биыл еліміздің солтүстік өңірлерінде астық жинау науқаны күрделі жағдайда өтіп жатқанын атап өткен жөн. Оның негзігі себебі қыркүйек айының басынан бері жауған жауын-шашын болып отыр.
— Облыста тәулігіне 240 мың тонна өнім кептіруге мүмкіндік беретін 317 астық кептіргіш іске қосылды. Өңірде сыйымдылығы 6,9 млн. тонна болатын астық сақтау қоймалары бар, — дейді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.