Жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы «Челябі-Новосібір» автоожолының 520 шақырымында «Lexus» және «ZIL-131» көліктері соқтысып, салдарынан 27 жастағы «Lexus»-тың  жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 17-сі күні сағат 23:10-да Қызылжар ауданының Петерфельд ауылы маңында орын алды.

— «Lexus» көлігінің салонында болған 56 жастағы ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. «ЗИЛ-131» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісінен медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Көлік құралдары арнайы автотұраққа қойылды, — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

«Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы»қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz