Жұмыс беруші кінәлі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Тайынша ауданындағы шошқа кешенінде төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізді. Нәтижесінде жұмыс берушінің кінәсі 80 пайызға дәлелденді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлімі басшысы Азат Көшербаев Тайыншадағы жағдайға тоқталып, тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі күні іс аудандық полиция бөліміне берілді.

– Жұмыс берушінің кінәсі – 80 пайыз. Технологиялық үдерістерді бұзу, еңбек қауіпсіздігін оқытудағы кемшіліктер, жұмыс өндірісі қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғаны, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмегені, қорғау құралдарын қолдануда, машиналарда, механизмдер мен жабдықтарда конструктивтік кемшіліктер анықтады. Жұмысшыларға қорғаныс құралдары берілгені белгілі. Бірақ олар жұмыс кезінде оларды пайдаланбады, – деп түсіндірді Азат Көшербаев.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында «EMS AGRO» ЖШС шошқа кешенінің аумағында төрт жұмысшының денесі табылған болатын. Төртеуі де 8 метр тереңдіктегі кәріз жинағышын тазарту кезінде қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz