Көз ауруларына шалдыққандар қатары артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы Петропавл қаласындағы  «АЙНА-КӨЗ» орталығына баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиал директоры Лариса Гордееваның айтуынша, тар бейінді дәрігерлердің кеңестері, КТ, МРТ, рентгенологиялық зерттеулер және диагностиканың басқа да түрлері емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі. Олар үшін қосымша ақы талап етілмеуі керек. Егер сырқат тіркелген емхана осы қызметтерді ұсына алмаса, онда оларды бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымда алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсететін  мекемелердің бірі – «АЙНА-КӨЗ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

— Жеке клиникада халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын офтальмологиялық көмек көрсетіледі. Елімізде стационарды алмастыратын көмек дамып жатқандықтан, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда орындар аудан тұрғындарына, қарттарға және мүгедектерге беріледі. «Көздің зақымдануымен инсулинге тәуелді емес қант диабеті» диагнозы бар пациенттер биылдан бастап тек күндізгі стационарда емделеді, сондай-ақ «Асқынған катаракта» диагнозы бар пациенттердің көпшілігіне күндізгі стационарда ота жасалады, — дейді орталықтың  бас директоры Олеся Леонтьева.

Маман соңғы 5 жылда көз аурулары жиілегенін, көру органдарының сырқаттанушылығы 49 пайызға өскенін айтты.  Мәселен асқынған катаракта соңғы төрт жылда 110 пайызға және макула мен артқы полюстің дегенерациясы 49 пайызға артқан. Осыған орай былтырдан бастап тәулік бойғы стационардағы көмек түрлері бойынша пациенттер санының төмендеуі, ал күндізгі стационарда ұлғаю байқалады.

Биыл «АЙНА-КӨЗ»  қормен 2 521 тұрғынға операция жасауға шарт жасасты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда  605 операция және күндізгі стационарда  1916 операция жасалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz