СҚО-ның су қоймаларына тұқы балығының 1 млн. шабағы жіберілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңірдің су қоймаларына 1 млн-нан астам тұқы шабағы жіберіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Облыстағы өзен-көлдерге балықтың шабақтары көктем және күз мезгілдерінде жіберіледі.  Петропавл балық питомнигі қызметкерлерінің айтуынша, біреуінің салмағы 12 грамнан кем түспеуі қажет.

— Үш айдың ішінде 1 млн-нан астам тұқы шабағы өсірілді. Енді оларды суға жіберу қажет. Әрине дені қоршаған ортаға бейімделе алмауы мүмкін. Десе де өзен-көлдердегі экологиялық жүйені түрлендіріп, балық санын көбейту үшін тексерістен өткен шабақтар суға жіберіледі, — дейді «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инпекциясы» РММ басшысының орынбасары Марат Есімсейітов. 

Мамандар тұқы балығының 450 мыңын Петропавл су қоймасына, Сергеев су қоймасына тағы 560 мыңы жібергенін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz