ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Камалов Рамиль Фаткулович Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Qyzyljarnews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рамиль Камалов 1976 жылы Торғай облысында дүниеге келген.
ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақмола облысы Ішкі істер басқармасы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет (МӨҚҚ) басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы болып бастаған.
1998 жылы — Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы.
1998-1999 жылдары — Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.
1999-2005 жылдары — Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Астана қаласының «Өрт сөндіруші» РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы.
2005-2006 жылдары — ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.
2006-2014 жылдары — ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы, бастығы.
2014-2016 жылдары — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.
2016-2017 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары.
2017 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.