Жазасын өтеуші қағаздан 40 килограмдық көйлек жасады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы әйелдер колониясында «Мекеме аруы» байқауы өтті. Өнерлі қыз-келіншектерді анықтауға бағытталған сайыста түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғанның бірі қағаздан салмағы 40 килограмм болатын көйлек жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқау классикалық форматта өтті. Сотталғандар өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алды. Өнерлі қыз-келіншектердің сайысы 4 кезеңнен тұрды. Олар: таныстыру, дефиле, шығармашылық байқау, зияткерлік викторина.

Байқауға алты жазасын өтеуші қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің назарына Гүлбаршын Серимбетова қағаздан жасаған көйлегін ұсынды. Оның салмағы 40 килограмм. Нәтижесінде сотталған «Мекеме аруы – 2023» атағын жеңіп алды.

— Ұлттық стильдегі көйлек, камзол және сәукеле жасауға А4 қағазының шамамен 1200 парағы, синтепон және бірнеше метр мата жұмсадым. Жасаған киімімді безендіруге 3 мыңға жуық қағаз көбелегімен безендірдім, – дейді байқау жеңімпазы.

Байқау соңында жеңімпазға «Мекеме аруының» тәжі табысталды. Барлық қатысушылар да түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz