Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл елімізде «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» байқауы ұйымдастырылды. Конкурс екі аталым бойынша өтіп, оның бірі бойынша облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқау  «Орталық мемлекеттік органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі», «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» атты екі аталым бойынша өткізілді.  Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жобасын ұсынады. Әрбір үміткер бойынша шешім конкурстық комиссия мүшелері қойған баллға  қарай қабылданады.

Жылдағы дәстүрге сәйкес республикалық  байқау биыл да өткізіліп, қорытындысы жарияланды. «Жергілікті атқарушы органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» аталымы бойынша  облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев үздік атанды.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатынан, Мемлекеттік қызмет істері  агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан, БАҚ өкілдері мен  мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылардан құралған комиссия бағалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz