Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда салынып жатқан нысандарды аралап, тұрғын үйлердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының аяқталу барысын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы Петропавл көшелерін жөндеу және саябақтарды салу жұмыстарымен де танысты. Ғауез Торсанұлы «Жас өркен» және «Береке» шағынаудандарында болып, құрылысы аяқталуға жақын жаңа емханаларды көрді.
— Барлық нысандарда құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп, жұмыстарды мерзімінде аяқтау қажет. Апта сайын құрылыс және жөндеудің барысын тексеріп тұратын боламын, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Сондай-ақ биыл «Орман» шағынауданында жаңа мектептің құрылысы басталды. Ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылмақшы.