Аялдама павильонының шынысын сындырған қала тұрғыны анықталды (ВИДЕО)

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері аялдама павильонының шынысын сындырған бұзақыны анықтады. Ол қала мектептерінің бірінде оқитын 8-сынып оқушысы болып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға қыркүйектің 17-не қараған түні  Жамбыл мен Партизан көшелерінің қиылысында тіркелді. Бәзбіреу аялдама павильонын сындырып кеткен. Бұл туралы “102” арнасына қоңырау шалған қала тұрғындары хабарлады.

Түн ортасында Жамбыл көшесімен келе жатқан екі жасөспірімнің бірі павильонның шынысын аяғымен теуіп сындырып, кейін сол жерден қашып кетеді. Олардың бұл әрекеті Петропавл қалалық ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. № 4 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімді анықтады. Ол анасымен бірге учаскелік полиция пунктіне шақыртылып, бұл әрекетке не себепті барғанын айтып берді.  Оның сөзінше, досы екеуінің арасында туындаған келіспеушілік салдарынан ашуын аялдамадан алған.

– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аялдама павильондарын бүлдіргені үшін жауапқа тартылған адамдар осындай түсініктемелер беріп жатады. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша материал жиналды. Баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды салуды көздейді. Бұдан бөлек, сот кәмелетке толмаған баланың ата-анасын келтірілген шығынды өтеуге міндеттеуі мүмкін. Сондай-ақ олар кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдердің қараусыз жүруі – олардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі екенін естеріңізге саламыз. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын бақылап отыруларын сұраймыз, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.

sddefaultplay btn

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz