Есірткі саудасына қатысы бар нашақор ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 22 жастағы нашақор есірткі сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы Брусиловский көшесінде облыстағы аудандардың бірінің 22 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт нашақор ретінде есепте тұр. Ол есірткі жасыру арқылы синтетикалық психотроптық заттарды таратты деген күдікке ілінді.

Ұстаған сәтте одан кесектелген зат бар 4 полимерлік түйіншек тәркіленді. Тағы 5 түйіншек оқиға орнын тексеру кезінде табылды. Сараптама нәтижесі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 9 грамды құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

– Ұсталғанның өзі есірткіге тәуелді. Жедел ақпаратқа сәйкес, ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендердің біріне жұмыс істеген, есірткі жасырған. Қазіргі уақытта Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде есірткі таратушылардың әрекетінің жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. 8 айдың қорытындысы бойынша есірткі өткізуді анықтау көрсеткіші артты: өткен жылдың осы кезеңінде 49 факті болса, биыл 71 факті анықталды. Өсім 44,9%-ды құрады. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымнан 700 келіден астам есірткі алынды, – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz