СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылу станциясында штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 жылу-электр орталығында болып, жылыту маусымына дайындық бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Станцияда биылғы жылыту маусымына 10 қазандық пен 6 турбоагрегат дайын. Бұл облыс орталығын жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Орталықта жаңа мұржаның құрылысы да жалғасуда. Қазіргі күні мұнда түтін құбырының ауытқыған жері демонтаждаудан өтіп жатыр. Сондай-ақ қалада жылу желілерін ауыстыру және жылу магистральдарын тарту жұмыстары жүргізілуде.
– Қала тұрғындарын облыс орталығын жылумен қамту мәселесі алаңдатып отыр. Қаламызды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Мен бұл мәселені қатаң бақылауда ұстаймын, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.