Петропавлда 46 көшенің жолы жөндеуден өтті. Оның жалпы ұзындығы 45,8 шақырымды құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласы әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта Интернационал, Жамбыл Жабаев көшесінде, Сәтпаев және Тельман көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Жыл басынан бері Петропавлдағы 35 көшенің жолын жөндеу жоспарланған болатын. Кейін бюджеттен қосымша қаражат қарастырылып, олардың санын 46-ға дейін жеткіздік.
Биыл тағы 30 көшенің жолын қалыпқа келтіруге қажетті құжаттар әзірленді. Бұл жұмыстарды 2024 жылға жоспарлап қойдық, — дейді Серік Мұхамедиев.