Қарттар күні қарсаңында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да «Қарттар біздің асыл қазынамыз» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оған 200-ге жуық студент пен оқытушы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қарттар біздің асыл қазынамыз» деген атаумен өткен қайырымдылық жәрмеңкесін педагогика факультетінің студенттері мен оқытушылары ұйымдастырды. Сауда-саттықта жастардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдары мен тәтті тағамдар қойылды.
Бұдан бөлек, жәрмеңкеге «Аяла» қарттар үйі мен «Ориди» ата-аналар және мүгедек балалар ұйымы қатысты. Олар тоқыма бұйымдарын саудалауға мүмкіндік алды. Қайырымдылық шарасы мерекелік концертпен жалғасты.