Ұлты қазақ балалардың 15 пайызында ғана тегіне «ов» пен «ев» қосымшалары жалғанған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде тектеріне «-ов», «-ев» немесе «-ова», «-ева» жалғайтындар санының айтарлықтай кемігені байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елімізде соңғы екі жылда дүниеге келген ұлты қазақ балалардың 15 пайызында ғана «ов» пен «ев» қосымшалары кездескен. Бұл қосымшалар ең аз жалғанған өңірлер – Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу. Оған демографиялық көрсеткіштердің де әсері айтарлықтай.
Өкінішке қарай, орысша жалғаудан әлі де арыла алмай жүргендердің көш басында Астана мен Алматы қаласы тұр. Атап айтқанда, елордада 10498 баланың тегінде «-ов», «ев» немесе «-ова», «-ева» жалғанса, алматылықтардың арасында 7206 баланың тегі осындай.

2022 жылдан бері туған ұлты қазақ 403 854 баланың тегіне мұндай қосымша жалғанбаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz