Полицейге қол көтерген жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста полицейге шабуыл жасағаны үшін ауыл тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қазан айында Тимирязев ауданының 35 жастағы тұрғыны дәмхананың автотұрағында ауылдасымен жанжалдасып қалады. Бұны тоқтатпақ болған учаскелік полиция инспекторының әрекеті тыныштықты бұзғанның көңіліне жақпай, қарсылық танытқан.

– Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік инспекторға денсаулығына жеңіл зиян келтірді. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша «Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тамыз айында сот ер адамды пробациялық бақылау орната отырып, үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz