СҚО прокурорлары еңбек қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Тайынша ауданының білім бөлімінің лауазымды қызметкерлері 2021 жылғы 1 ақпандағы ҚР Білім және ғылым вице-министрі бекіткен Еңбек кодексінің және әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің талаптарын бұза отырып, білім беру саласындағы қызметкерлерге 33 емес 30 күн көлемінде ақылы еңбек демалысын берді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ауданның білім бөлімінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 94 қызметкерге қосымша 3 күн көлемінде демалыс көбейтілді, сондай-ақ 945 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат есептелді.