Петропавл қаласында жазғы президенттік көпсайыстан өткен жарыстардың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Петропавлдағы «Жастар» стадионы мен СҚКПК колледжінің спорттық нысандарында облыстық «Жастар» кешенді спартакиаданың бағдарламасы аясында жазғы президенттік көпсайыстан жарыстар өтті. Сайысқа облыстың 2006-2007, 2008-2009, 2010-2011 жылдары туған орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
Жас санаттарына байланысты олар 60 және 100 метр қысқа қашықтыққа, 500, 1000, 2000 және 3000 метрге жүгірді. Жарыс бағдарламасына доп лақтыру, граната лақтыру және пневматикалық мылтықтан ату сындары кірді.
Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Петропавл оқушыларына бұйырды. Үздік үштікті Мағжан Жұмабаев ауданының жастары түйіндеді.