Газ тасымалдайтын көлік өртке оранды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Ж.Жабаев көшесі, 231 мекенжайы бойынша орналасқан автогаз құю бекеті аумағында өрт шықты. Газ тасымалдаушы «ЗИЛ-130» маркалы көліктің темір цистернасы отқа оранды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер шақырылып, құтқарушылар бір сағат уақыт ішінде қызыл жалынды ауыздықтай алды. Өрттің салдарын жоюға 9 техника мен жеке құрамның 43 қызметкері жұмылдырылды.

— Өрттен 1958 жылы туған газ тасымалдауына арналған көліктің жүргізушісі шығарылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Оттың шарпыған аумағы 20 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр, — дейді СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев.

whatsapp image 2023 10 03 at 12.59.04whatsapp image 2023 10 03 at 12.58.49whatsapp image 2023 10 03 at 12.58.48

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz